18.07.2026 13:22

Обамеянг «Депортиво» ойыншысы атанды

18.07.2026 13:22

Пьер-Эмерик Обамеянг «Депортиво» ойыншысы атанды

Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Супердепор» оны «Марсельден» 1,5 миллион еуроға сатып алды.

37 жастағы Габон форварды өткен маусымда 41 матчта 14 гол соғып, он нәтижелі пас берді. Ол «Марсельге» дейін «Әл-Кадисия», «Челси», «Барселона», «Арсенал», «Боруссия» Дортмунд, «Сент-Этьен», «Милан», «Монако» және «Лилльдің» намысын қорғаған.

Ал «Депортиво» өткен маусым Сегундада екінші орын алып, сегіз жылдан кейін Испания Ла Лигасына оралған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram