18.07.2026 15:21
Савио «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін
18.07.2026 15:21
«Тоттенхэм» «Манчестер Сити» вингері Савиодан әлі де үмітін үзбеді

Николо Скираның хабарлауынша, Лондонның клубы оған 2031 жылдың жазына дейін жарамды келісімшарт ұсынбақ. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады. Ал «Манчестер Ситиге» 80 миллион еуро төлеуге дайын.
«Тоттенхэм» Савионы былтыр жазда-ақ алғысы келген. Бірақ дегеніне әлі жете алмай келеді.
22 жастағы бразилиялық ойыншы өткен маусымда 36 матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.