18.07.2026 20:34
Дьокереш «Барселонаға» ауысуы мүмкін
18.07.2026 20:34
«Арсенал» шабуылшысы Виктор Дьокереш «Барселонаға» ауысуы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, Каталонияның клубы Хулиан Альваресті ала алмағаннан кейін бар назарын Дьокерешке бұрды. Қос тарап осы айда екі рет кездесіп, келіссөз жүргізген екен. Ал «Арсенал» ойыншысын 60 миллион еуроға сатуға дайын.
28 жастағы швед форварды Лондонның клубына өткен жазда «Спортингтен» 66,9 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 55 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.