18.07.2026 21:10
Франсишку Тринкау «Әл-Ахли» ойыншысы атанды
18.07.2026 21:10
Франсишку Тринкау «Әл-Ахли» ойыншысы атанды

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Саудияның клубы оны «Спортингтен» 45 миллион долларға сатып алды. Сондай-ақ бонус ретінде бес миллион төледі.
26 жастағы Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы өткен маусымда 54 матчта 13 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Ол «Спортингке» дейін «Барселона», «Вулверхэмптон» және «Брагада» ойнаған.