03.04.2026 10:55

Морган Роджерс топ-клубқа ауысуы мүмкін

03.04.2026 10:55

«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерс клуб ауыстыруы мүмкін

The Sun хабарлауынша, оны «Арсенал», «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед» және «Челси» өз қатарынан көргісі келеді.

Ал Бирмингемнің клубы оны шамамен 90 миллион еуроға бағалап отыр. Бұл бонустармен қоса есептегенде 115 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін. Роджерстің өзі жазда басқа клубқа ауысуға дайын екен.

23 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 44 матчта 10 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram