03.04.2026 10:02

«Ливерпуль» Конатемен келісімшартты ұзартады

03.04.2026 10:02

«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клубта қалады

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оған ұзақ мерзімге жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынбақ. Қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ Конатеге бірқатар топ-клуб көз тігіп отыр. Олардың қатарында «Реал» бар.

Конате Мерсисайдтың клубына 2021 жылы «Лейпцигтен» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram