03.04.2026 09:42
«Манчестер Сити» Родриге келісімшарт ұсынды
03.04.2026 09:42
Родри «Манчестер Ситиде» қалуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қалалықтар» оған жаңа келісімшарт ұсынды. Енді Родри отбасымен ақылдаса келе бір шешімге келіп, соңғы сөзді өзі айтады. Одан бөлек оны «Реал» аттай қалап отыр.
Егер Родри келісімшартты ұзартпаса, Манчестердің клубы ол үшін қомақты сома сұрайды немесе 2027 жылы тегін кетеді.
29 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда 28 матчқа қатысып, екі гол соқты.