03.04.2026 09:21
Әлем чемпионатының фавориттері жарияланды
03.04.2026 09:21
ESPN басылымы биылғы Әлем чемпионатының басты фавориттерін атады

Рейтингтің көшін Франция бастап тұр. Екінші орынға Испания жайғасса, үздік үштікті Англия түйіндеді.
Ал топ-10 құрама мынадай:
Франция
Испания
Англия
Бразилия
Португалия
Нидерланды
Аргентина
Германия
Норвегия
Бельгия.
48 құрама бақ сынайтын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Әлем чемпионатына қатысатын барлық құрама белгілі болып қойды.