02.04.2026 22:29
«Интер» ойыншысы қатардан шықты
02.04.2026 22:29
«Интер» қорғаушысы Ян Биссек жарақат алды

25 жастағы неміс ойыншысы сол аяғының бұлшық етін созып алыпты. Осыған байланысты 5 сәуірге жоспарланған «Ромамен» матчқа қатыспайды. Сондай-ақ 12 сәуір күні өтетін «Комомен» ойынға шығуы да неғайбыл.
Биссек осы маусымда 30 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.