02.04.2026 20:07

Италия футбол федерациясының президенті қызметінен кетті

02.04.2026 20:07

Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравина орнын босатты

Ол бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарып келді және 2028 жылға дейін тізгіндеуі керек еді. Енді 22 маусымда жаңа президент сайланады.

Сондай-ақ Джанлуиджи Буффон енді құрама делегациясының басшысы емес. 48 жастағы бұрынғы қақпашы бұл лауазымды 2023 жылдың тамызында иеленген еді.

Одан бөлек жақын арада бас бапкер Дженнаро Гаттузо да қуылады деп күтілуде. Оның орнын басуға «Наполи» тәлімгері Антонио Конте мен «Милан» жетекшісі Массимилиано Аллегри басты үміткер болып тұр.

Осыған дейін «скуадра адзурра» ӘЧ-2026 іріктеуінің финалында Босния және Герцеговина құрамасына (1:1, 1:4 пен.) есе жіберіп, қатарынан үшінші рет Әлем чемпионатына шыға алмай қалған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram