02.04.2026 14:34
Кейн «Фрайбургқа» қарсы ойнамайды
02.04.2026 14:34
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн жарақат алды

32 жастағы форвард Англия құрамасында тобығын зақымдап алған еді.
Осыған байланысты ол 4 сәуір күні өтетін Бундеслиганың 28-туры аясындағы «Фрайбургке» қарсы ойынға қатыспайды. Кейн 7 сәуірге жоспарланған Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Реалмен» матчқа дайын болады деп күтілуде.
Кейн осы маусымда 40 матчта 48 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.