02.04.2026 11:30
Гаттузо Италия құрамасынан кетеді
02.04.2026 11:30
Италия құрамасының бас бапкері Дженнаро Гаттузо қызметінен кетуі мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 48 жастағы маман ӘЧ-2026 жолдамасынан қағылған соң орнын босатады деп күтілуде. Ол кетсе құрама тізгінін ұстауға «Наполи» бас бапкері Антонио Конте мен «Милан» жетекшісі Массимилиано Аллегри басты үміткер болады екен.
Гаттузо «скуадра адзурраны» маусым айынан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда алты ойында жеңіске жетіп, екі матчта қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, Италия сейсенбі күні Босния және Герцеговина құрамасына (1:1, пен. 1:4) есе жіберіп, мундиальға шыға алмай қалған еді.