02.04.2026 09:49
«Реал» ойыншысына ПСЖ көз тікті
02.04.2026 09:49
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Diario AS хабарлауынша, 23 жастағы французға ПСЖ көз тігіп отыр. Одан бөлек оны Ағылшын Премьер-лигасының клубтары өз қатарынан көргісі келеді. Ал «Реал» ойыншысын сатуға дайын екен.
Камавинга Мадридтің клубына 2021 жылы «Реннен» 31 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.