02.04.2026 14:54

«Лейпциг» Диоманденің бағасын бекітті

02.04.2026 14:54

«Лейпциг» вингері Ян Диомандеге топ-клубтар көз тікті

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, «бұқалар» басты жұлдызын оңай ақшаға сатқысы келмейді. Керісінше онымен 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты тағы да ұзартуды және Диоманденің жалақысын көтеруді көздейді. Бірақ 100 миллион еуро көлеміндегі ұсыныстарды қарастыруға қарсы емес екен.

Қазіргі таңда Диомандені «Ливерпуль» аттай қалап отыр. Николо Скираның берген мәліметіне сенсек, Мерсисайдтың клубы оған тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болатын 2031 жылға дейін жарамды келісімшарт ұсынбақ. Одан бөлек Диомандеге көз тіккендердің қатарында «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Арсенал», «Астон Вилла» және «Бавария» бар.

19 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының дүлдүлі осы маусымда 29 матчта 11 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram