02.04.2026 17:38
Румыния бас бапкері Мирча Луческу қызметінен кетті
02.04.2026 17:38
Румыния құрамасының бас бапкері Мирча Луческу қызметінен кетті

«Триколор» бүгін, 2 сәуірде 80 жастағы маманмен қош айтысқанын хабарлады.
Осыған дейін Луческу Словакия құрамасына қарсы матч алдындағы жаттығу кезінде талып қалып, ауруханаға түскен еді.
Тарихтағы ең егде бапкер Румынияны 2024 жылдың тамызынан бері жаттықтырып келді. Оған дейін ол Түркия құрамасын және «Интер», «Динамо» Киев, «Галатасарай», «Бешикташ», «Зенит» секілді клубтарды баптаған.