03.04.2026 08:35
Роналду Әлем чемпионатына қатысуға дайын
03.04.2026 08:35
Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың жағдайы белгілі болды

41 жастағы форвард жарақатынан құлан-таза айықты және Әлем чемпионатына қатысуға дайын. Мадридте ем қабылдап келген Криш «Әл-Насрдың» жаттығуына қосылды.
Ол 1 наурыз күні «Әл-Фейхаға» (3:1) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
Роналду Саудия клубының намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Осы маусымда ол 26 матчта 22 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.