29.11.2025 00:41

«Милан» шабуылшысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін

29.11.2025 00:41

«Милан» шабуылшысы Сантьяго Хименес мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

La Repubblica хабарлауынша, 24 жастағы ойыншыны «Сандерленд» сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді.

«Қара мысықтар» Мексика футболшысы үшін қаңтар айында 30 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын екен.

Хименес осы маусымда 11 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал 12 турдан кейін 19 ұпай жинаған «Сандерленд» Ағылшын Премьер-лигасында жетінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram