28.11.2025 21:32
ПСЖ-ның басты ойыншысы жарақат алды
28.11.2025 21:32
ПСЖ қорғаушысы Нуну Мендеш жарақат алды

23 жастағы Португалия ойыншысы «Тоттенхэммен» (5:3) ойын кезінде сол аяғының сан бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты алдағы күндері ем қабылдайды екен.
Мендеш осы маусымда 16 матчқа қатысып, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, 13 турдан кейін 30 ұпай жинаған Париждің клубы Франция чемпионатында турнир кестесінде көш бастап тұр. Луис Энрике шәкірттері келесі турда ертең, 29 қараша күні «Монакоға» қонаққа барады.