28.11.2025 20:13

Палмер сақадай сай

28.11.2025 20:13

Энцо Мареска: «Палмер «Арсеналға» қарсы ойынға дайын»

Бас бапкер Энцо Мареска командасының ойыншысы Коул Палмер Премьер-лиганың 13-турындағы «Арсеналға» қарсы матчқа қатыса алатынын айтты.

«Иә, Коул ойынға да, бастапқы құрамда шығуға да дайын», – деді Мареска.

Бұған дейін футболшы жалпы топпен бірге жаттығуға қайта қосылған болатын. Оның бұрын башпайы сынған еді. Қазіргі маусымда Палмер 4 матчта 2 гол соқты.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram