28.11.2025 19:47
Нико: Ямаль менің ұлым секілді
28.11.2025 19:47
Нико Уильямс: «Ямаль менің оған әкесі секілді қарайтынымды біледі»

«Атлетик» пен Испания құрамасының ойыншысы Нико Уильямс «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальдың айналасындағы даулы жағдайларға пікір білдірді.
«Испания құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Біз - нағыз достармыз. Оның әлеуеті зор және ол оны әр жаттығуда дәлелдеп жүр. Бірақ ол менің оған әкесі секілді қарайтынымды біледі. Футболдан тыс жерде назарды басқаға аударып, демала білу маңызды. Бізге өмірден ләззат алып, тынығып тұру керек. Егер адам адал еңбек етіп, команданың ішкі ережелерін құрметтесе, сырттағы әңгімелер оның беделіне әсер етпеуі тиіс», – деп атап өтті Нико.