28.11.2025 19:33

«Барселонаның» мақсаты айқындалды

28.11.2025 19:33

«Барселона» трансферлік мақсаттар тізімін жасады. Олардың қатарында Холанд, Кейн және Шлоттербек бар

Бас бапкер Ханс-Дитер Флик спорт директоры Деку және спорт комитетінің басқа мүшелерімен бірге келесі маусымға арналған басым бағыттағы трансферлер бойынша ортақ шешімге келген. Сол аяқпен ойнайтын орталық қорғаушы, вингер және орталық шабуылшы.

Қорғаушының трансфері қаржылық фэйр-плей талаптары орындалса, тіпті 2026 жылдың қысында да жүзеге асуы мүмкін. Клубтың нысанасында - Гонсалу Инасиу («Спортинг»), Мурило («Ноттингем Форест»), Нико Шлоттербек («Боруссия» Дортмунд), Луис Бенедетти («Палмейрас») және Марк Геи («Кристал Пэлас»).

«Барселонаның» орталық шабуылшысы Роберт Левандовскийдің келісімшарты жақында аяқталады. Сондықтан орталық шабуылшы да команда үшін маңызды болып отыр. Қазір «блауграна» Хулиан Альвареске («Атлетико»), Харри Кейнге («Бавария») және Эрлинг Холандқа («Манчестер Сити») көз тігіп отыр.

Сонымен қатар «Барселона» әмбебап вингер алғысы келеді. Себебі Рафинья Сауд Арабиясына кетуі мүмкін деген сыбыс бар. Команда «Манчестер Юнайтедтен» Маркус Рэшфордты 30 миллионға сатып алу нұсқасын қарастыруда. Бірақ бұл маусым соңында ағылшын ойыншысының ойынына берілер бағаға байланысты болады. Маркустан бөлек, клуб мүмкін трансферлер тізіміне «Милан» шабуылшысы Рафаэл Леауды да қосты.

Қазіргі уақытта «Барселона» Ла Лига кестесінде екінші орында, ал Чемпиондар лигасында 18-орында тұр.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram