28.11.2025 17:26

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты

28.11.2025 17:26

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 6-турында «Қайрат» өз алаңында Грекия чемпионы «Олимпиакосты» қабылдайды

«Астана Аренада» өтетін матчтың билеттері бүгін, 28 қарашада сатылымға шықты. Билеттер 15 000 – 50 000 теңге арасында саудаланып жатыр. Оны Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларынан таба аласыздар.

Айтулы матч 9 желтоқсан күні сағат 20:30-ға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram