28.11.2025 15:19

АПЛ-дың үздік жартылай қорғаушысы аталды

28.11.2025 15:19

Goal порталы Ағылшын Премьер-лигасының қазіргі таңдағы үздік жартылай қорғаушыларын атады

Рейтингтің көшін «Арсенал» ойыншысы Деклан Райс бастады. Екінші орынға «Челси» тұтқауылы Мойзес Кайседо жайғасса, үштікті «Манчестер Сити» хавбегі Родри түйіндеді.

Сондай-ақ үздік ондыққа Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Мартин Эдегор («Арсенал»), Бруно Гимараэс («Ньюкасл»), Гранит Джака («Сандерленд»), Доминик Собослаи («Ливерпуль»), Энцо Фернандес («Челси») және Мартин Субименди («Арсенал») кірді.

Айта кетейік, турнир кестесінде 12 турдан кейін 29 ұпай жинаған «Арсенал» көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram