28.11.2025 12:10
«Манчестер Юнайтед» 11 ойыншысымен қош айтыспақ
28.11.2025 12:10
Келер жазда «Манчестер Юнайтедтің» құрамында үлкен өзгеріс болуы мүмкін

The Sun мен ESPN хабарлауынша, манкуниандықтар бірден 11 ойыншысымен қош айтыспақ. Клубтан кететіндердің қатарында Бруну Фернандеш, Кобби Майну, Маркус Рэшфорд, Мануэль Угарте, Каземиро, Расмус Хёйлунд Джедон Санчо, Алтай Байындыр, Харри Магуайр, Тирелл Маласиа және Джошуа Зиркзее бар екен.
Клуб бұл ойыншыларлың трансферінен түскен қаржыға құрамын түбегейлі өзгертпек.
Айта кетейік, 12 ойыннан кейін 18 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында 10-орында келеді.