28.11.2025 09:23

Бернарду Силва ат басын Италияға бұруы мүмкін

28.11.2025 09:23

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Calciomercato хабарлауынша, «Ювентус» пен «Милан» соңғы күндері 31 жастағы ойыншымен байланысқа шыққан.

Сонымен қатар Португалия құрамасының футболшысына Саудияның клубтары да қызығушылық танытуда. Бірақ, Силва Еуропадан жырақ кеткісі келмейді екен.

Айта кетейік,Силва осы маусымда 16 ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның «Манчестер Ситимен» қазіргі келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram