28.11.2025 09:59

«Болонья» 57 жыл бұрынғы нәтижесін қайталады

28.11.2025 09:59

Еуропа лигасының 5-турында «Болонья» өз алаңында «Зальцбургты» ірі есеппен жеңді

«Ренато Даль'Ара» стадионында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Йенс Одгар, Тейс Даллинга, Федерико Бернардески және Риккардо Орсолини мергендік танытты.

Осылайша «россоблу» 1968 жылдан бері алғаш рет Еурокубок матчында төрт гол соқты. Ол кезде Жәрмеңке кубогында Швейцарияның «Базель» клубын аямаған.

Бес турдан кейін сегіз ұпай жинаған Винченцо Итальяно шәкірттері Еуропа лигасында 18-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram