28.11.2025 19:40
Рамос жаңа клуб іздеуде
28.11.2025 19:40
39 жастағы Рамос «Монтеррейден» кетеді. Қорғаушы өзіне жаңа клуб іздейді

«Монтеррейдің» орталық қорғаушысы Серхио Рамос командадан кетеді, деп хабарлайды The Touchline. 39 жастағы қорғаушының келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған және тараптар оны ұзартуды жоспарлап отырған жоқ. Соған қарамастан, Серхио мансабын аяқтамайды және өзіне жаңа клуб іздемек.
Рамос «Монтеррейге» 2025 жылдың маусымында еркін агент ретінде қосылған. Қазіргі уақытта команда Мексика чемпионатының кестесінде бесінші орында тұр.
Рамос осы маусымда 16 ойынға қатысып, 2 гол соғып үлгерген.