28.11.2025 21:34
Араухо алдағы ойынға қатыспайды
28.11.2025 21:34
Араухо ішек инфекциясына байланысты «Алавеске» қарсы матчқа қатыспайды

«Барселонаның» қорғаушысы Рональд Араухо Ла Лигадағы «Алавеске» қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлады команданың бас бапкері Ханс-Дитер Флик.
«Оның ішек вирусы бар. Ол бүгін жаттыққан жоқ және ертеңгі ойынды да өткізіп алады. Өкінішті жағдай. «Челсиден» жеңілу ауыр тиді. Жеңе аламыз деп ойладық. Келесі ойын алдында жинақталу қажет», - деді Флик.
Ла лиганың 14-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Алавесті» қабылдайды.