20.03.2026 14:24

«Милан» Модричпен келісімшартты ұзартады

20.03.2026 14:24

«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, Миланның клубы Әлем чемпионатынан кейін 40 жастағы хорватиялық ойыншымен келісімшартты тағы бір маусымға, яғни 2027 жылдың жазына дейін ұзартқысы келеді.

«Россонерри» Модричті сақтап қалғысы келеді, сондықтан көндіруге тырыспақ. Модрич мансабын жалғайтын болса, клубтың бұл ұсынысын қарастырып көреді екен.

Модрич «Миланға» өткен жазда «Реалдан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол содан бері 31 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram