20.03.2026 14:00

«Манчестер Сити» ойыншысы «Ювентуске» ауысуға жақын

20.03.2026 14:00

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын Италияда жалғауы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оған «Ювентус» қызығушылық танытып отыр. Туриннің клубы 31 жастағы португалиялық ойыншыға ұзақ мерзімге жарамды болатын келісімшарт ұсыныпты.

Бернарду мен «Манчестер Сити» арасындағы келісімшарт 30 маусымда аяқталады. Қазір оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ. Сондықтан футболшы клуб ауыстыруы әбден мүмкін.

Силва «қалалықтардың» сапына 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram