20.03.2026 12:56
Тиаго Силва 1000-матчын өткізді
20.03.2026 12:56
«Порту» қорғаушысы Тиаго Силва ерекше нәтиже тіркеді

41 жастағы бразилиялық ойыншы Еуропа лигасының 1/8 финалындағы «Штутгартқа» (2:0) қарсы ойында алаңға шықты. Осылайша мансабындағы матчтар санын 1000-ға жеткізді.
Тиаго «Портудан» бөлек «Челси», ПСЖ, «Флуминенсе», «Милан», «Жувентуде», RS FC және Бразилия құрамасының намысын қорғаған. Ол мансабында 60 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.