20.03.2026 13:11
Рюдигер «Реалда» қалады
20.03.2026 13:11
«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер клубта қалады

Marca хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Рюдигер де Мадрид клубы да келісімшартты ұзартуға ниетті екен. Ал қазіргі құжат 30 маусымда күшін жояды.
33 жастағы неміс ойыншысы «бланкос» сапына 2022 жылы «Челсиден» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 17 матчқа қатысып, бір гол соқты.