07.03.2026 12:33

Мессидің жалақысы белгілі болды

07.03.2026 12:33

«Интер Майами» қожайыны Хорхе Мас Лионель Мессидің жалақысы қанша екенін айтты

— «Егер бүкіл төлемді есептесек, Мессиге жылына 70-80 млн доллар жалақы беремін. Бірақ ол оның әр центіне лайықты», – деді Хорхе Мас.

38 жастағы аргентиналық шабуылшы флоридалықтардың намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта ол 90 матчта 79 гол соғып, 44 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram