07.03.2026 11:42

«Бавария» рекорд орнатты

07.03.2026 11:42

Германия Бундеслигасының 25-турында «Бавария» өз алаңында Мёнхенгладбахтың «Боруссиясын» 4:1 есебімен тізе бүктірді

Матчтағы соңғы голды Николас Джексон 79-минутта соқты. Осылайша мюнхендіктер осы маусымда матчтың соңғы 15 минутында 27 рет мергендік танытты. Бұл клуб тарихындағы рекорд болып тіркелді.

25 ойыннан кейін 66 ұпай жинаған Венсан Компанидің шәкірттері ішкі біріншілікте жеке-дара көш бастап тұр. Келесі турда команда 14 наурыз күні «Байермен» кездеседі. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Аталантамен» ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram