07.03.2026 12:12

Аллегри «Миланда» қалуы мүмкін

07.03.2026 12:12

«Милан» бас бапкері Массимилиано Аллегриді сақтап алғысы келеді

Onefootball хабарлауынша, «россонери» 58 жастағы италиялық маманға 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынбақ. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылады екен.

Аллегри «Миланды» 2025 жылдың шілде айынан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда 18 рет жеңіске жетіп, тоғыз мәрте тең түссе, төрт матчта қарсыласына жол берді.

27 турдан кейін 57 ұпай жинаған «Милан» Италия А Сериясында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram