04.12.2025 21:37
Месси Әлем чемпионатының фавориттерін атады
04.12.2025 21:37
Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фавориттерін атады

– «Өткен Әлем чемпионатын жеңгеніміз жақсы болды. Арқамыздан жүк түскендей. Енді еркін көсіліп, рахаттанып ойнаймыз. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бәрі де Әлем чемпионатын жеңгісі келеді. Испания, Франция, Англия, Германия және Бразилия секілді бірінен-бірі өткен мықты құрамалар бар. Олардың да мундиальда топ жармағанына біраз болып қалды, енді бар күшін салатыны сөзсіз»,– деді Месси.
Айта кетейік, Қатарда өткен соңғы 2022 жылғы Әлем біріншілігінде Аргентина Францияны пенальти сериясы арқылы жеңіп, чемпион атанған еді. Ал биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада болады.