25.01.2026 11:33
Меньян «Миланда» қалады
25.01.2026 11:33
«Милан» қақпашысы Майк Меньян клубта қалатын болды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келісімге келді.
Осыған дейін Николо Скира оның жаңа шартқа сәйкес, жылына бонустарды есептемегенде жеті миллион еуро жалақы алатындығын хабарлаған еді.
30 жастағы француз голкипер «россонерри» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 24 матчта 19 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді.