25.01.2026 03:06
«Реал» «Вильярреалды» тізе бүктірді
25.01.2026 03:06
Испания Ла Лигасының 21-турында «Реал» сырт алаңда «Вильярреалды» 2:0 есебімен жеңді

«Керамика» стадионында өткен кездесуде Килиан Мбаппе қос голдың авторы атанды. 27 жастағы француз оның біреуін пенальтиден соқты.
Осылайша «бланкос» 51-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде көш басына көтерілді.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 1 ақпан күні «Райо Вальеканоны» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Бенфикаға» қонаққа барады.