24.01.2026 22:17

«Тоттенхэм» «Бёрнлимен» тең тарқасты

24.01.2026 22:17

Ағылшын Премьер-лигасының 23-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Бёрнлимен» тең ойнады

«Терф Мур» стадионында өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Матч есебін «Тоттенхэм» қорғаушысы Мики ван де Вен ашқан еді. Оған Аксель Туанзебе мен Лайл Фостер жауап қайтарды. Ал 90-минутта Кристиан Ромеро таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша Лондонның клубы 28-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде 13-орынға жайғасты.

Томас Франк шәкірттері келесі турда 1 ақпанда «Манчестер Ситиді» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Айнтрахтқа» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram