24.01.2026 19:36

«Боруссия» ойыншысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін

24.01.2026 19:36

«Боруссия» жартылай қорғаушысы Феликс Нмеча мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 25 жастағы ойыншыға «Манчестер Юнайтед», «Челси» және «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.

Ал Дортмундтың клубы оны 60-65 миллион еуродан кем сомаға сатқысы келмейді екен.

Нмеча осы маусымда 28 матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram