24.01.2026 16:28
Гвардиола «Ман Ситимен» қош айтысады
24.01.2026 16:28
«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола келер жазда клубтан кетеді

The Telegraph хабарлауынша, 55 жастағы испан маманы нақты шешім қабылдап қойыпты. Сондай-ақ клубқа да алдын-ала бапкер іздеу үшін кететінін ескерткен. Пеп өзінің «Манчестер Ситидегі» дәуірі аяқталғанын түсініп, осындай қадамға барған екен.
Гвардиола «қалалықтардың» тізгінін 2016 жылдың шілде айында ұстаған еді. Содан бері команда Чемпиондар лигасын жеңіп, Англияның алты дүркін чемпионы атанды. Одан бөлек тағы 10 трофей иеленіп, 2022/23 жылғы маусымда тарихи требл жасады.
Айта кетейік, 22 турдан кейін 43 ұпай жинаған «Манчестер Сити» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.