24.01.2026 16:40
Виктор Мозес «Қайсар» ойыншысы атанды
24.01.2026 16:40
Виктор Мозес мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғайды

35 жастағы нигериялық вингер «Қайсармен» бір жылға жарамды келісімшартқа отырды. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Виктор Қызылорданың ұжымында 11-нөмірмен ойнайды.
Мозестің соңғы клубы «Лутон Таун» болды. Ол оған дейін «Спартак», «Челси», «Интер», «Фенербахче», «Вест Хэм», «Сток Сити», «Ливерпуль», «Уиган» және «Кристал Пэласта» ойнаған.
Виктор «Челсимен» 2016/17 жылғы маусымда Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын (2012/13, 2018/19) екі рет жеңіп алды. Одан бөлек Нигерия құрамасында 38 матчта 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берген.