24.01.2026 21:45
«Бавария» жеңіліс тапты
24.01.2026 21:45
Германия Бундеслигасының 19-турында «Бавария» өз алаңында «Аугсбургке» жол берді

«Альянц Арена» стадионында өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Хироки Ито есеп ашса, оған Артур Чавес пен Ан-Ноа Массенго жауап қайырды.
Осылайша Мюнхеннің клубы ішкі чемпионаттың осы маусымында алғаш рет жеңіліс тапты. Бірақ бұл сәтсіздікке қарамастан «Бавария» 50 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
Венсан Компани шәкірттері келесі турда 31 қаңтар күні «Гамбургке» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында ПСВ-мен түзде ойнайды.