25.01.2026 00:42
«Ливерпуль» «Борнмутқа» жол берді
25.01.2026 00:42
Ағылшын Премьер-лигасының 23-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Борнмутқа» есе жіберді

«Виталити» стадионында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Эванилсон, Алехандро Хименес және Амин Адли мергендік танытты. Ал «Ливерпульдің» қос голын Вирджил ван Дейк пен Доминик Собослаи соқты.
Осылайша еншісінде 36 ұпайы бар Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 31 қаңтар күні «Ньюкаслды» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Қарабахпен» кездеседі.