07.10.2025 16:34
Мбаппе Франция құрамасының жаттығуына қатыспады
07.10.2025 16:34
Килиан Мбаппе Франция құрамасының жаттығуына қатыспады
«Реал» ойыншысы Ла Лига аясындағы «Вильярреалға» (3:1) қарсы ойында тобығын ауыртып алған еді.
Осыған байланысты бүгін ұлттық команданың топтық дайындығына шықпапты.
«Әтештер» осы айда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 10 қазанда Әзербайжанды қабылдаса, араға үш күн салып, Исландияға қонаққа барады.
Екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері D тобында көш бастап келеді.