03.10.2025 22:25

Мбаппе – Ла Лиганың қыркүйектегі үздік ойыншысы

03.10.2025 22:25

«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе Ла Лиганың қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды

Француз шабуылшысы өткен айда төрт ойында бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Осылайша дауыс беру нәтижесінде Педри («Барселона»), Этта Эйонг («Леванте»), Рубен Варгас («Севилья») және Пабло Форналсты («Бетис») басып озды.

Тамыз айында бұл жүлде «Вильярреал» вингері Николя Пепеге бұйырған еді.

Мбаппе биылғы маусымда жалпы 12 ойын өткізіп, 14 гол соғып, бір ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram