10.09.2025 11:40
Франция жеңіліссіз сериясын ұзартты
10.09.2025 11:40
Түнеугүні Франция 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландияны 2:1 есебімен жеңді
Аталған кездесуде француздардың сапында Брэдли Барколя мен Килиан Мбаппе мергендік танытты.
Осылайша, «әтештер» әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу турнирлеріндегі жеңіліссіз сериясын 25 матчқа дейін ұзартты.
«Үштүстілер» соңғы рет 2019 жылдың маусым айында Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында Түркияға (0:2) есе жіберген еді. Сол матчтан бері жеңілістің кермек дәмін татпай келеді.
Франция ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Исландия, Украина және Әзербайжан құрамаларымен бірге D тобында сынға түсіп жатыр. Екі ойында алты ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері турнир кестесінде жеке дара көш бастап келеді.