10.09.2025 03:00

Франция камбэк жасады

10.09.2025 03:00

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Франция Исландияны тізе бүктірді

Париждегі «Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде Франция 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Матч есебін 21-минутта Исландия шабуылшысы Андри Гудьонсен ашты. Алайда, тайм түгесілер кезде Мбаппе 45-минутта пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын Брэдли Барколья 62-минутта қақпа торына енгізді.

Осылайша, екі ойында алты ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері өз тобында жеке дара көш бастады. Сондай-ақ, D тобында Исландия, Украина және Әзербайжан құрамалары бақ сынап жатыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram