06.09.2025 02:05

Франция Украинаны тізе бүктірді

06.09.2025 02:05

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Франция Украинадан басым түсті

Вроцлавтағы бейтарап стадионда өткен кездесуде «әтештер» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы алғашқы голды Майкл Олисе 10-минутта соқса, Килиан Мбаппе 82-минутта мергендік танытты.

Осылайша, алғашқы турдан кейін Франция өз тобында екінші орынға жайғасты. D тобының көшін Әзербайжанды (5:0) ойсырата жеңген Исландия бастап тұр.

Дидье Дешам шәкірттері келесі турда өз алаңында Исландияны қабылдайды. Матч 9 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram