10.09.2025 16:37
Мбаппе: «Франция құрамасын Зидан баптаса жақсы болар еді»
10.09.2025 16:37
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Зинедин Зиданның Франция құрамасының бас бапкері болғанын қалайды
— «Зидан келем десе, ешкім қарсы болмайды. Әрине, өзі «жоқ» демесе. Егер ол біздің бапкеріміз болса, жақсы болар еді. Зидан – Франция футболындағы ең құзырлы адам»,– деді Мбаппе L'Equipe басылымына.
Айта кетейік, Франция құрамасының тізгіні 2012 жылдың шілдесінен бері Дидье Дешамның қолында. 56 жастағы маманның тұсында «әтештер» 2018 жылы әлем чемпионы атанып, Ұлттар лигасында (2021) топ жарды.